05
апрель
2024
«Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу» тәрбие сағат
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «А» сынып оқушыларымен 5 сәуір күні «Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу» айлығы бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес "Нашақорлық -ғасыр дерті" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағатының мақсаты-оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Білім алушыларға Нашақорлық туралы мәлімет кеңінен беріліп,бейнебаян көрсетілді.Нашақорлық туралы постер қорғалып,оқушылар өз ойларымен бөлісті.