«Виртуалды әлемдегі бала болмысы»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ«Виртуалды әлемдегі бала болмысы» тақырыбында біріңғай
ата-аналар жиналысының өткізілу есебі.
31.10.2024 оқу жылында Меркі ауданының білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2024 жылғы № 03-5093хатына сәйкес «Виртуалды әлемдегі бала болмысы» тақырыбында біріңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында, баланың бойында қорқыныш –үрей , көңілсіздік пен проблемалық мазасыздық танып-білу белгілерімен таныстыру.Оқушының әлеуметтік желідегі қозғалысына парақшаларына талдау жүргізу,көңіл-кұйіне назар аудару , баланың ата-анаға деген сенімін арттыру , қорқыныш –үрейден босансу , психологиялық тұрғыда салауатты болу үшін мектеп психологы өздік білімдерін көтеруге ата-аналарды ынталандырды. Баланың эмоционалдық жай-күін есепке алу, серіктестік тұрғыда сөйлесу әдіс –тәсілдерін қолдану абзал екендігі туралы айтып, көрсете білді. « Зиянды әдеттер және онымен күресу жолдары», « Компьютермен байласын мәдениеті» тақырыбында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білімділік және мүдделік денгейлері туралы айтылды. Ата-аналарға бала тәрбиесіне бақылау жасаудың түрлерін көрсетіп , ата-аналар арасында дұрыс қарым-қатынас та болу үшін мектеп психологы Нысанова Ақжарқын ұсыныстар беріп, өзара қарым –катынас жақсы болуға, нығайтуға бағытталған «Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ата-аналармен жүргізілетін психологиялық жұмыстар» тақырыбында психологиялық кеңестер жүргізді ![]() ![]() |