02
сентябрь
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі отырысы өтті
№7 А.Тұрғымбаев жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі отырысы өтті. ӘБ жетекшісі Баякова Қ.Т өткен оқу жылында ӘБ атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жаңа 2024-2025 ож мақсат-міндеттері айқындалды. Мұғалімдердің сағат жүктемелері бөлінді. 2024-2025 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ӘБ нұсқау хатпен таныстырылды. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу бағдарламасымен танысып, күнтізбелік жоспарлары бекітуге берілді. Тіл мерекесіне дайындық іс-шаралары жүргізілді.