26
февраль
2024
Емтиханға дайындық жұмыстарын түсіндіру
№7 А.Тұрғымбаев жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен "Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен 5-8,10 сыныптарда аралық аттестаттау ерекшеліктері " тақырыбында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Емтиханға дайындық жұмыстарын түсіндіру барысында білім алушылардың жас ерекшелігіне орай оқылым, жазылым дағдыларын қолданып, эссе жазу және әдеби тіл нормалары мен тілдік бағдар аясында грамматикалық тапсырмаларды орындау туралы айтылды. Емтихан материалдарын дайындау барысында бағалау критериийлері, рубрика жасау жолдары туралы мағлұмат берілді.