«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»,«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»
2023-2024 оқу жылында мектепте еліміздің жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген саясаты көрініс тапқан «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді. Осы бағдарлама аясында мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды. Оның басты мақсаты – балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты күшейту, позитивті ата-ана мәдениетін дамыту.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында мектеп оқушылары, ата-аналары мен ұстаздардың қатысуымен түрлі бағытта жобалар жүзеге асырылып, жыл бойы оқушылар «Күй күмбірі», «Жасыл мекен», «Тоғыз құмалақ», «Асық ату» және түрлі спорттық ойындар өткізілді. Сонымен қатар «Даналық мектебінің» жылдық іс-шара жоспарына сай ата-аналарға арналған сабақтар, оқушыларға атрналған «Шеберлік сабақтар», кездесулер т.б. көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.