«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы ашылды
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
"Біртұтас тәрбие ата_аналарды_педагогикалық_қолдау" орталығы
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 16 қазан күні мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектепте «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2023ж.15 тамыздағы №4 хаттамасына сәйкес, ата-аналарға өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруда көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру, педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы ашылды. Жиын барысында ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орталықтын қызметін іске асыру мақсатында мектепте «Даналық мектебі» клубы келесі бағыттары бойынша құрылды: «Аталар мектебі» - жетекшісі Шалданбаев Н.Б., «Әжелер мектебі» - жетекшісі Кадирсизова Г.Н., «Аға мектебі» - жетекшісі Жузбаев Б.С., «Жеңге мектебі» - жетекшісі Байманова А.К. Жиында осы құрылған мектептерге ата-аналар арасынан жұмыс тобының құрамы құрылды.
![](/uploads/posts/2023-11/1699607265_1699606998816.png)