«31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні
Мектепте «31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне арналған дөңгелек үстел, тәрбие сағаттары, мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп оқушылары ұлттың болашағына қызмет еткен ақын-жазушылардың, қуғын-сүргін құрбандарының өмір жолынан үзік сыр айтып, шығармаларынан үзінділер оқыды
Іс-шаралардың мақсаты – Азаттық жолында және ашаршылық қасіретінен, құрбан болған бабаларымызды еске алу, рухына тағзым ету. Өнегелі іс арқылы өскелең ұрпақтың санасына, бойына отансүйгіштік, елжандылық һәм ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру.
Тарих парағындағы қаралы жылдарды еске алып, ұлт тағдыры үшін күрескен зиялылардың еңбегі мен ерлігін ұрпаққа дәріптеу құрбандардың рухына жасалған үлкен тағзым. Қазақ халқы тарихта небір қасапты қырғындарды, қуғын сүргіндерді, зұлмат соғыстарды көрген халық. Осыдан бір ғасыр бұрын сүт бетіндегі қаймақтай болған зиялыларымыз елдің ертеңі, ұлттың болашағы үшін қолына қару емес, қалам алып күресті. Кеудесінде жаны, қаламында сиясы таусылғанша ұлт қамы деген ұлы мұрат жолында құрбан болды.