«Асанбай Асқаровтың дара жолы» атты көрме және 8-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Асанбай Асқаровтың дара жолы» атты көрме және 8-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
15
сентябрь
2022

«Асанбай Асқаровтың дара жолы» атты көрме және 8-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.


А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп.

15 қыркүйек күні мектепте көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған бір қатар іс-шаралар өткізілді.
      Асанбай Асқарұлы Асқаров 1922 жылы 15 қыркүйекте  Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Тәтті ауылында дүниеге келген. 
А.А. Асқаров – экономика ғылымының кандидаты, Халықаралық Акмеология Ғылымдары академиясының академигі, әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. Асанбай Асқарұлы Асқаров – «Тағдыр» (1991), «Жұмақ пен тозақ жырлары» (1992), «Көзқарас» (1997), «Ұлы Тұранның ұлдары» (1998) және көптеген кітаптардың авторы. А. Асқарұлы 2001 жылдың 13 тамызында дүниеден озды.
       Өткізілген іс-шаралар барысында Асанбай Асқарұлының өнегеге толы шығармашылығы мен үлгі болар өмірі баяндалып, тұлғаны ерекше толғаныспен, сағынышпен, ілтипат – құрметпен еске алды. Асанбай Асқарұлының жазып қалдырған әрбір еңбегі күні бүгінде тарих ғылымы саласында құнды мәлімет болып табылса, жалпы адамдық адамгершілік қасиеттің де бір ұшқыны белең алады. Білім алушылар Асанбай Асқарұлының өмірімен, шығармашылығымен таныса келе, болашаққа бағдар, өнегелі өмірдің сипатынан бір көрініс тапты. 
Өткізілген іс-шаралар ерекше әсер қалдырды.
Мектеп кітапханасында кітапханашы  Каимбаева М.А. «Асанбай Асқаровтың дара жолы»  атты көрме және 8-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: