"Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында жиналыс » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында жиналыс
15
май
2024

"Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында жиналыс

2024 жылдың 2 мамыр күні 1—11 сынып оқушыларымен қауіпсіздік сабақтары өткізілді.Іс-шара мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, су, өрт қауіпсіздіктерін сақтауға көңілдерін аудару. Оның ішінде қауіпті су  жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру мақсатында «Су айдынындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның». Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, ережелермен таныстырылды.

Меркі ауданы білім бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің  бірлескен жоспарына сәйкес  2024 жылдың 15  мамыр  күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта  білім беретін мектебінде 8-11 сынып білім алушыларымен "Бала қауіпсіздігі-басты назарда"  тақырыбында  жиналыс өткізілді.   Жиналысқа  Меркі АПБ КПБ жедел аға уәкілі полиция майоры Макаев Аршат Мухтарович, Меркі АПБ бастығының орынбасары Баисов Жасулан Берденович, Меркі АПБ ЖПҚБ –нің УИП полиция аға лейтенанты Төрехан Жалғас, Меркі  АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның  аумақтық инспекторы  полиция лейтенанты Мұхтар Талшын Қанатқызы мектеп оқушыларына жаз мезгілінде бейтаныс жерлерде шомылудан аулақ болу керек, бұл өмір үшін қауіпті. Шомылуға тыйым салынатындығын  ескертті.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: