8-11 сынып білім алушыларымен "Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында жиналыс өткізілді » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-11 сынып білім алушыларымен "Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында жиналыс өткізілді
15
май
2024

8-11 сынып білім алушыларымен "Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында жиналыс өткізілді

Меркі ауданы білім бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің  бірлескен жоспарына сәйкес  2024 жылдың 15  мамыр  күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта  білім беретін мектебінде 8-11 сынып білім алушыларымен "Бала қауіпсіздігі-басты назарда"  тақырыбында  жиналыс өткізілді.  Жиналысқа  Меркі АПБ КПБ жедел аға уәкілі полиция майоры Макаев Аршат Мухтарович, Меркі АПБ бастығының орынбасары Баисов Жасулан Берденович, Меркі АПБ ЖПҚБ –нің УИП полиция аға лейтенанты Төрехан Жалғас, Меркі  АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның  аумақтық инспекторы  полиция лейтенанты Т.Қ.Мұхтар, қатысты. Меркі аудандық АПБ КПБ-ның жедел аға уәкілі  Макаев Аршат мектеп оқушыларының арасында   ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылық жасағандар заң алдында жауапқа тартылатындығын ескертті. Жиналыс барысында  орган қызметкері аудандағы болып жатқан әртүрлі келеңсіз жағдайларды  айта отырып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілімен, ата – аналарынсыз  жүруіне сағат 22:00 ден таңғы 06:00  дейін ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрмеулерін, кешке кафе, ойын сауық орталықтарында балаларының жұмыс жасамауын айтты.   Оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы, яғни ол 10 күннен артық қалған жағдайда айыппұл төленетінін ескертті. Сонымен қатар, кибербуллинг-бопсалау, оқушылардың ұялы телефонды дұрыс пайдалану, мектепке гидроскутер, мопед т.б.  электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған балаларға рұқсат жоқ екенін және оған хаттама толтырылып, айыппұл салынатынын ескертті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: