«Ең үздік оқырман» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ең үздік оқырман»
16
май
2024

«Ең үздік оқырман»

Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7  ЖОББМ

«Оқуға қуштар мектеп» жобасы аясында

            «Ең үздік оқырман» 

            Мектепшілік байқау

Өткізілген күні:16.05.2024ж.

Өткізілген орны: мектеп кітапханасы;АКТ залы

Қатысқандар:5-11 сынып оқушылары


   А. Тұрғымбаев  атындағы № 7 ЖОББ мектебінде 2023-2024 оқу жылы  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  мектеп басшысы Л.Б.Кокрекбаеваның бастамасымен  «Ең үздік оқырман» байқауы ұйымдастырылған болатын. Жыл басында байқау ережесі жасалып, мұғалімдер мен оқушыларға таныстырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ереже бойынша оқушылардың   жас ерекшелігіне қарай оқылатын   әдеби кітаптар тізімін жасады. Оқушыларға 10 кітапты оқу жылы барысында оқып шығу тапсырылды.Жыл бойы 10 кітап оқыған оқушыларға бағалы сыйлықтар әзірленді. Оқу жылының соңында байқау қорытындысы шығарылды. Оқыған көркем шығармалары бойынша оқырман конференциясы ұйымдастырылды. Әдеби кітаптарды оқыған оқушылармен сұхбаттасу, тапсырмалар орындату  арқылы сапалы, кітапты терең түсініп оқыған оқушылар іріктеліп алынды. 8-сынып оқушысы Қартбай М., Ашимова А.,7-сынып оқушысы Мамытбек Анель,Быхыт Жандос,6 сынып оқушысы Зарип Индира, 5-сынып оқушысы Мұратбай Шынарай «Ең үздік оқырман»    атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: