20
май
2024
«Абайлаңыз балалар» акциясы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 20 мамыр күні Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның аумақтық инспекторы полиция лейтенанты Талшын Мұхтар Қанатқызы мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Шалданбаев Нұржан Байғабылұлы 4 сынып оқушылары арасында жолда жүру ережесі,көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп тұру керектігін, бағдаршам бар жерде жолды тек жасыл сигналға өту керек екендігін айтты. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жол-көлік оқиғаларының, құқық бұзушылықтың алдын алу мен бала қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Білім алушыларға мектептің ішкі тәртібі таныстырылып, құқық бұзушылыққа бармау ескертілді.