24
апрель
2024
8-11 сынып оқушылары арасында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 24 сәуірі күні Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның аумақтық инспекторы полиция лейтенанты Т.Мұхтар,УИП полиция капитаны Е.Қасымов 8-11 сынып оқушылары арасында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мен бала қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылық жасағандар заң алдында жауапқа тартылатындығы ескертілді.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға құқықтық ақпарат толық беріліп,мазмұнды жауаптар алынды.