10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті 6 сабақ өткізілді
Сабақтың тақырыбы: «Күйзелістен шығар жол»
Сабақтың мақсаты: ата-ананың күйзеліске қарсы тұру және баласына да осындай көмек көрсету қабілетін қалыптастыру.
Сабақ барысында ата-аналарға ҰБТ кезінде стресстен қалай шығуға болады туралы толық мағлұмат берілді.
Сабақтың соңында ата-аналар:
- өз баласында күйзеліске төзімділікті дамытуға күшті мотивацияға ие болады;
- баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етуде күйзелістің пайда болу себептерін сезінеді, көрініс беру ерекшеліктері мен күйзелісті жеңу жолдарын, мінез-құлықты эмоционалдық реттеуді және педагог пен ата-ананың өзара әрекеттесуді білетін болады;
- жеке адамның күйзеліске төзімділігін арттырудың негізгі құралдарын меңгереді.
Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ.
Әдіс-тәсілдері: пікірталас, ми шабуылы, тренинг жаттығулары.