Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің айлығының ашылуы
А. Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 16.10.2023 жылы «Ұлттық құндылық – ұлт қорғаны» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің айлығы ұйымдастырылды. Айлық жоспары жасалынып, бекітілді.
Қазан айының 16 күні айлықтың ашылуы өткізілді. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Баяқова Қ.Т. оқушыларды айлық жоспардың мақсатымен таныстырып , оқушыларға әр іс- шараға белсенді қатысуларын сұрады. «Ұлттық құндылық – ұлт қорғаны» атты тақырыпта көрме жұмысы ұсынылды.
Баякова Қ.Т. мен Еставлетова А. ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында «Тілім менің ғасырлардан аманат» деген тақырыпта үздік эссе байқауы өтті. Байқауға 9 оқушы өз жұмысын ұсынды . Нәтижесінде 10- сынып оқушысы Тұңғатар Ерғанаттың жазған эссе жұмысы ең үздік деп танылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда құндылыққа бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру арқылы оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында өтілетін онкүндік аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтар және түрлі іс-шаралар өтетін болады.
![](/uploads/posts/2023-11/1699789344_1699789103176.png)