23
февраль
2024
«Жігітке жеті өнер де аз.Жігіт сұлтаны-2024»
Ағымдағы жылдың 23-ақпанында мектеп тәлімгері Қалбаева А.Қ-ның ұйымдастыруымен «Жігітке жеті өнерде аз. Жігіт сұлтаны-2024» байқауы өткізілді.Байқауымыздың мақсаты-Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.Әр баланың бойындағы қабілеттерін:ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.Байқауға 9-10 сынып оқушылары қатысты.Әр қатысқан оқуышлар номинациялармен марапатталды.Ал бәрінен оза шауып бас жүлде «Жігіт сұлтаны-2024» атанған 10 «Ә»сынып оқушысы Жүгініс Қуаныш мақтау қағазымен марапатталды.