«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Марк Твен » ауылының
«Том Сойердің басынан кешкендері» атты тақырыбында
Дауыстап оқу
Анықтама
Өткізілген күні:09.02.24ж.
Өткізілген орны: 7 «Ә» сыныбы
Қатысқандар: 7 «Ә» сынып 16 оқушы,сынып жетекші Насырова А.
Мақсаты: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеруіне, оқиғаларға сүйеніп, оқиғаның дамуын болжайды;
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 7 «Ә» сыныбында
2024 жылы ақпан айының 09 жұлдызында мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Марк Твен » ауылының «Том Сойердің басынан кешкендері» тақырыбында дауыстап оқу сабағы өтті. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылып, оқушыларға логикалық сұрақтар қойылды. Интер белсенді тақтаның көмегімен оқушыларға видео көрсетіліп, презентация арқылы Марк Твеннің өмір жолы, шығармашылығы жайлы барлық мағлұматтармен таныстырылды. Оқушылар өздері оқыған «Том Сойердің басынан кешкендері» классикалық туындыдан Том Сойердің басынан кешкен қызықты оқиғаларымен,шағын қалашықтар тұрғындарының күнделікті жұмыс тіршілігі,қарапайым адамдардың оқиғаларын оқып өз ойларымен бөлісті.