«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Ыбырай Алтынсарин » ауылының
«Мен оқимын,сен де оқы!» атты дауыстап,түсініп оқу
Анықтама
Өткізілген күні: 31.01.24ж.
Өткізілген орны: 4 «Ә» сынып
Қатысқандар: 4 «Ә» сынып оқушылары, барлығы - 18 оқушы, сынып жетекші Адилбекова М.
Мақсаты: Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына, тереңдей бойлату, жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу. Оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілік иерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 2024 жылы қаңтар айының 31 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ыбырай Алтынсарин » ауылының 4 «Ә» сыныбында «Мен оқимын,сен де оқы!» атты дауыстап,түсініп оқу сайысы өтті.
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал
Шаттық шеңберін ұйымдастыру (бір біріне жылы лебіздерін білдіреді)
Топқа бөлу І топ «Жазушылар» ауылы
ІІ топ «Ақындар» ауылы
«Деректер сөйлейді» әдісіСандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармалары
![](/uploads/posts/2024-01/1706681822_1706681772569.png)
ІІ кезең: «Бөлшекті бүтінде» әдісі
ІІІ кезең: «Өлең – сөздің патшасы» Балалардың жаттаған өлеңдері
ІҮ кезең: Ой бөлісу.
Оқушылар Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдерін сарапқа салу мақсатында өткізілген ашық сабақта әңгімелерін талдап өз ойларын ашық айта білді, қойылған сұрақтарға толық жауап беріп түйсіктеріне құйды, алған әсерлерімен бөлісті.