«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Қазақ ертегілер ауылының»
«Сыныптың үздік оқырманы» дауыстап оқу сайысы
Анықтама
Өткізілген күні: 30.11.23ж.
Өткізілген орны: 2 «А» сыныбы
Қатысқандар: Мектеп кітапханашысы Каимбаева М.А.,
2 «А» сынып 16 оқушы,сынып жетекші Алипбаева Зауреш Жубатхановна
Мақсаты:Оқушылардың кітап оқуға құштарлығын ояту, ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту;өзінің қалаған кітабын дауыстап оқып, қысқаша түсінігін айту;
кітапты күтіп ұстауға, ұқыптылыққа, білімді болуға баулу;
.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ мектебінің 2 «А» сыныбында 2023 жылы қазан айының 30 күнінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қазақ ертегілері ауылының»«Сыныптың үздік оқырманы» тақырыбында оқушылар арасында дауыстап оқу сайысы өтті.
Сайыс 3 бөлім бойынша жүргізілді:
I – бөлім:Өз қалауы бойынша 3 топқа бөлінді.
«Алғырлар», «Тапқырлар», «Зеректер» тобы
Оқушылардың кітап жөніндегі алған білімдерін пысықтау;
II – бөлім: әр топ кітаптың күтімі, пайдасы жөнінде ереже құрастыру;
III – бөлім: өзі ұнатқан ертегіні минутқа дауыстап оқып, түсінгенін айту;
Өтілу барысы:Оқушылар әнұран айтты. Психологиялық дайындық жүргізілді;
Оқушылардың кітап жөніндегі алған білімдерін пысықтау мақсатында әр топқа
сұрақтар берілді. Әр топтан оқушылар жауап берді:
1-ші тапсырма
1.Алғашқы кітаптар неден жасалды?
2.Қытайда алғашқы кітаптар неден жасалды?
3.Мысырда кітап неге қашалып жазылды?
4.Ең ірі кітапхана қай қалада болған?
5.Ең үлкен кітаптың биіктігі қанша метр болған?
6.Ең кіші кітаптың көлемі қандай болған?
Кітап, оның пайдасы туралы әр топ ереже құрастырды,
құрастырған ережелерін оқушыларға оқып берді.
3-ші тапсырма
Алдын ала кітапханадан өзінің қалауы бойынша алған ертегісін минутқа дауыстап оқып, қысқаша түсінгенін айтты.
Қорытынды:
Кітапханашы Каимбаева М. сөз берілді.
Балалардың сайыста жеткен жетістіктерін бағалап, мадақтамалар берілді.
Оқушылар бүгінгі сайыстан алған әсерлерімен бөлісті.