«Құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті сақтау»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде қаңтар айының 10 күні мектеп инспекторы Мұхтар Талшын Қанатқызы жоспарға сай «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті сақтау» тақырыбында бастауыш сынып білім алушыларымен кездесу өтті. Мектепке баратын және мектептен қайтатын жол ұзақ болған сайын оқушыларды көп қауіптер күтуі мүмкін. Сол себепті білім алушылар жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың, сырқаттанудың алдын алу үшін, денсаулықтарын сақтау және нығайту үшін жалпы білім беретін ұйымның жарғысын, қауіпсіздік техникаларының талаптарын, өрт қауіпсіздігін, жүріс-тұрыс ережелерін, жеке және оқу гигиенасын қатаң сақтауы; қарапайым қауіпсіздікті сақтауы тиіс. Мектеп шекарасында, мектеп ғимаратында жүргенде, әртүрлі сабақтарда және іс-шараларда, үйден мектепке баратын және кері қайтатын кезде оның денсаулығына және өміріне қауіп төндіруі мүмкін зиянды факторлардың алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.