«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек»
05
январь
2024

«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек»

«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» онкүндігі аясында бекітілген жоспарға сәйкес 05.01.2024 тарих пәнінің  мұғалімі Қоңқабаев Н.А.  ұйымдастыруымен «ҰБТ мен Қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік коучинг өтті. 
Коучинг сабақтың мақсаты: Мұғалімдер мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ның  жаңа форматы бойынша жұмыстарды дамыту жолдарын үйренеді және өз тәжірибелерінде қолданады. Дайындығы мықты оқушыға ешқандай емтихан кедергі болмайтындығын түсіндіру. Мұғалімдер жаңаша оқыту әдістерін қолданудың тиімділігін анықтайды. Коучинг сабаққа нәгізгі пән  мұғалімдері қатысты. Алғы сөзді мектебіміздің директоры Кокрекбаева Л сөз алып,ҰБТ мен Қорытынды аттестаттау туралы мұғалімдердің жасап жатқан жұмыстарына тоқталып,жұмысты жүйелі жүргізіп,күшейтуді ұсынды. Алдымен жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін мектебіміздің психологі Нысанова А «Тимбилдинг »жаттығуларын өткізді. Мақсаты:Мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл күйден арылу,өзін еркін сезінуге көмектесу. «Ассингтер» тестін жүргізіп,мұғалімдердің темпераментін анықтады. «Буклет әдісі бойынша» 1Бұл коучингтен не күтесіз?2 Сіз не туралы сөйлескіңіз келеді? 3 Сізге бұл мақсатқа жету не үшін қажет?сұрақтарына жауап беру арқылы мақсатымызды айқындап алдық. «Көршіме айтамын» әдістемесін өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылды. Мұғалімдер әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындады.Постер қорғау кезінде 1топ «Қорытынды аттес-а кездесетін кедергілерді шешу жолдары », 2топ «Ұлттық бірыңғай тест», 3топ «Қорытынды аттес-а кездесетін кедергілер», тақырыптарында мұғалімдер өз ойларымен бөлісті. Коучингтің сәтті жері кері байланыс парағы бойынша байқағаным мектеп түлектерін қорытынды аттестаттаудың жаңа форматы тиімді екенін, мұғалім білім реформасына сай өзгеру қажеттігін түсінгендері, постер қорғау барысында мұғалімдер жаңа форматтың тиімділігін дәлелдеді.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: