«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
18
октябрь
2023

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп


А Н Ы Қ Т А М А


   Интернационал  ауылы                                      18 қазан 2023 жыл

Брифинг тақырыбы: «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

Қатысушылар: Психолог, сынып жетекшілер, 9-11 сыныптардың қыздары /38 қыз/

Барлығы: 46 адам

Мақсаты:қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

      2023 жылы 18 қазан күні  мектеп психологіның   ұйымдастыруымен  «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында брифинг өтті. Оған  мектеп психологі, сынып жетекшілер, «Жастар орталығының» жетекшісі Адешова Қ., 9-11 сыныптардың қыздары /38 қыз/ қатысты. 

Брифинг   аясында оқушыларға ақыл кеңес беріп, бейнетаспалар көрсетілді.
     Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» - деп бекер айтылмаса керек.

     Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде  жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой. Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз тәрбиелеу– ата – ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.











Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: