«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер»
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер»
Тұрмыстық зорлық-зомбылық-қазіргі қоғамның ауыр мәселелеріне айналып отыр. Осыған орай 2023 жылдың 01 желтоқсан күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер» тақырыбында 10-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында учаскелік полиция инспекторы және ЖПҚб ЮПТ-ның аумақтық инспектор полиция лейтенанты Мұхтар Талшын Қанатқызы тұрмыстық зорлық-зомбылық әйел адамның құқығын, білуі тиіс ақпараттар мен зорлық-зомбылыққа ұшырағанда жасалатын құқықтық істердің алгоритмін, әйелдердің құқығының қорғалуы, олардың қоғам алдындағы дәрежесінің сақталуы аясында заңда көрсетілген ережелерді толық түсіндіріп берді.Мектеп психологы Нысанова Ақжарқын психологиялық тренинг өткізді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.