27
ноябрь
2023
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 27 қараша күні әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқанының іс-шаралар жоспары бекітіліп, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» мектепішілік науқанының ашылуын директордың құқытық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Науқанның мақсаты: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпарат беру, оның отбасында болмауын қадағалау және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру.