1 СӘУІРДЕН БАСТАП БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ
1 cәуірден бастап 1 сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі
Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 2023жылдың 1сәуірінен басталып, 1тамызға дейін жалғасады.
2023жылдың 1сәуірінен бастап аудан мектептерінде 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталады.Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып,алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылады.
- «электрондық үкімет» веб -порталы egov.kz
- қағаз түрінде
Қажетті құжаттар:
1) ата аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет,ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3) №65 /у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және «Бала денсаулығы паспорты №026/ у-3 есеп нысаны;
4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуреті
Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден,одан кейін басқа шағын учаскеден 1өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
![](/uploads/posts/2023-03//1680082796_00.png)