Жауғаш батыр Қырбасұлының 290 жылдығын аталып өтуіне байланысты өскелең ұрпақты бабалар рухында тәрбиелеп, батырларымызды таныту, ерліктерін дәріптеу мақсатында "Абылай ханның елшісі - Жауғаш батыр" атты кездесу өткізілді » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жауғаш батыр Қырбасұлының 290 жылдығын аталып өтуіне байланысты өскелең ұрпақты бабалар рухында тәрбиелеп, батырларымызды таныту, ерліктерін дәріптеу мақсатында "Абылай ханның елшісі - Жауғаш батыр" атты кездесу өткізілді
30
март
2023

Жауғаш батыр Қырбасұлының 290 жылдығын аталып өтуіне байланысты өскелең ұрпақты бабалар рухында тәрбиелеп, батырларымызды таныту, ерліктерін дәріптеу мақсатында "Абылай ханның елшісі - Жауғаш батыр" атты кездесу өткізілді

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп


     А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде, Жауғаш батыр Қырбасұлының 290 жылдығын аталып өтуіне байланысты өскелең ұрпақты бабалар рухында тәрбиелеп, батырларымызды таныту, ерліктерін дәріптеу мақсатында "Абылай ханның елшісі - Жауғаш батыр" атты кездесу өткізілді. Кездесуде "Жауғаш батыр Қырбасұлы" қоғамдық қорының мүшесі, ардагер ұстаз - Жақсымбетов Тоқтар Әлімбайұлы Жауғаш батырдың өмір-баяны туралы баяндап, бейнетүсірілім көрсетті.

   Қазақтың халық батыры Қоралас Қырбасұлы Жауғаш батыр 1733 жылы қазіргі Алматы облысы Қарасай Іле аудандарындағы Ақсу өзенінің бойында дүниеге келген. Азан шақырып қойған әуелгі есімі Жауғашты болған.

   Жауғаш батыр Абылай ханның қазақ елін біріктіруге ұмтылысын қалтықсыз қолдаған. Ол Абылай ханның көрнекті әскери қолбасшысы, білікті елшісі, өз дәуірінің белгілі мемлекет қайраткері болған.
    Абылай хан оның ерлігін ерекше бағалап, «Жаралы жолбарысым» деп атаған.
    Жауғаш батыр туралы Бұқар, Тәтіқара тағы басқа жыраулардың жырларында, халық аңыз — әңгімелерінде, Қытай архивінде деректер сақталған.
 
Тарихи деректерге толы "Абылай ханның елшісі - Жауғаш батыр" атты кітапты жас ұрпаққа арнап мектеп кітапханасына тапсырды.
























                                  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: