Мектепте барлық сынып оқушыларына жол қауіпсіздігіне байланысты "Жолда жүру тәртібі" тақырыбында практикалық түсіндірме жұмысы өткізіліп тұрады
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
Мектепте барлық сынып оқушыларына жол қауіпсіздігіне байланысты "Жолда жүру тәртібі" тақырыбында практикалық түсіндірме жұмысы өткізіліп тұрады.
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін сақтауға үйрету, жол ережесінің белгілерімен таныстыру, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтай білуге тәрбиелеу.
Түсіндірме жұмысы барысында көшеде жүру тәртібін дұрыс орындамау қауіпті жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін екендігін, көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс екендігі айтылды.
Жолда келе жатып көрінген машинаны байқағанда, өткізіп жіберу керектігі және көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өту қажеттілігі түсіндірілді. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүру керектігі айтылды. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбау қажет, жолда жүргенде музыканың дауысын қатты қойып тыңдауға болмайды, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан болады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулері жарақат алады, ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын жол қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты мұқият тыңдап, жол ережелерін бұзбауға әдеттенулері қажет.
Сонымен қатар оқушыларға және ата-аналарға үнемі жадынамалар таратылып тұрады.
![]() | ![]() | ||||
![]() | |||||
![]() | |||
![]() | |||