16 Наурыз күні мектепте 1-4 сыныптар арасында «Көш келдің әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың ұмытылып бара жатқан салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын жаңғырта отырып еске түсіру, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 16 Наурыз күні мектепте 1-4 сыныптар арасында «Көш келдің әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Жыл бастауы – Наурыз бүкіл Қазақстан халқының ортақ мерекесі. Наурыз – әлем халықтары арасындағы жылдың жаңаруын әйгілейтін, адамзат дәстүрлері ішіндегі ежелгі мереке. Бұл барша қауым жақсылық пен мейірімділік күтетін, араздасқандар татуласатын, өкпе-реніш кешірілетін, кішілер үлкендерге сәлем бере баратын, алыстағы ағайындар бірін бірі іздеп барып көрісетін достық пен татулық мерекесі.
Бастауыш сынып оқушылары халқымыздың ескі әуендерін, би өнерлерін театрландырылған көріністер арқылы жаңғыртып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Барлық оқушылар ұлттық киімдер киіп келіп мерекелік көңіл күй сыйлады. Наурыз мерекесі Қызыр атаның ақ ниетті батасымен, оқушылардың мерекелік дастарханнан ауыз тиюімен аяқталды. Мерекелік іс-шара мақсатына жетті.