"Балдаурен" лагеріндегі бесінші күн! » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Балдаурен" лагеріндегі бесінші күн!
05
июнь
2026

"Балдаурен" лагеріндегі бесінші күн!

·  Лагерьдегі күн дәстүр бойынша көңілді таңғы жаттығумен басталды. Балалар таза ауада сергіту жаттығуларын жасап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Таңғы жаттығу олардың денсаулығын нығайтып, белсенділік пен сергектік сыйлады. 

·  Күн тәртібіне сәйкес кітапханашы «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітап оқудың пайдасы және білімнің адамды биік белестерге жетелейтіні туралы түсіндірілді. Балалар сүйікті кітаптары жайлы ой бөлісіп, қызықты сұрақтарға жауап берді. 

·  Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту және туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында оқушылар Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі мекемесіне саяхат жасады. Экскурсия барысында балалар ауданның тарихымен, мәдени мұраларымен, археологиялық жәдігерлерімен және тарихи құндылықтарымен танысты. Бұл саяхат олардың туған жердің өткені туралы білімдерін кеңейтіп, тарихи мұраға деген қызығушылықтарын арттырды. 

·  Күн барысында балаларға санитарлық талаптарға сай дайындалған ыстық тамақ ұсынылды. Дұрыс әрі құнарлы тамақтану оқушылардың денсаулығын сақтауға, күш-қуатын толықтыруға және күн бойғы іс-шараларға белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: