«Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығының іс-шаралар жоспарына сай «Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында 10-11 сыныптың білім алушыларымен сынып жетекшілері дөңгелек үстел өткізді. Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, оны болдырмау жолдары мен әдістерін талқылау. Қатысушылар құқық бұзушылықтардың қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зиянын түсініп, оны болдырмаудың