«Бір Отан –бір отбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
24 ақпан күні мектепте барлық сыныптарда «Бір Отан –бір отбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту мақсатында Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурыз – «Алғыс айту күні» деп жарияланған күні туралы толық ақпарат берілді. Бұл күн - мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі. Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.
Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.