«Дұрыс тамақтану- ұзақ білім алу жолы!» апталығы
2-10 сәуір аралығында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебіндегі «Дұрыс тамақтану- ұзақ білім алу жолы!» апталығында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет
2 сәуір күні «Дұрыс тамақтану- ұзақ білім алу жолы!» апталығында өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілді. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
5-9 сәуір күндері 1-4 бастауыш қазақ сыныптар арасында «Ас адамның арқауы» тақырыбында, ал орыс сыныптарында «Правильное питание – залог здоровья» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
5-9 сәуір күндері 7-8 сыныптар арасында сынып жетекшілері мен мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтану - денсаулыққа жол ашу» атты дәріс өткізілді.
«Дұрыс тамақтану – денсаулыққа жол ашу» «Денсаулық бұрышы» стендіне мақалалар жарияланды.