Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
август
2025

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У


Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы   білім бөлімі

« Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   бос   орынға  конкурс жариялайды.

Мекеменің мекен жайы: Интернационал   ауылы  Талапты көшесі №1

Анықтама байланыс телефон номері : 8(72632)4-36-14, 87751664313

Электронды пошта :  Mektep.7inter @ yandeх.kz


Конкурстық құжаттар  Интернационал ауылы,  Талапты №1  мекен жайында орналасқан  «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  қабылдау бөлімінде  қабылданады.

Бос орын атауы :  Физика пәні мұғалімі  – 16 сағ , тұрақты .

Еңбек ақы төлеу мөлшері:     130000-160000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты). 

2.Негізгі функционалдық міндеттері:  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»

№338 Бұйрығының 7-параграф  64 –тарауына

3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың   19.08.-28.08  аралығында. Сағат 9:00 -18:00 үзіліс 13:00-14:00

4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығының» 113-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне  сәйкес жүргізіледі.

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

     2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

     3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

     4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

     5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

     6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

     7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

     11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

     12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Көрсетілген  міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді

Біліктілік талаптарына сәйкестікке кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 12-13 қосымшаға сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырады

Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балдары негізінде қабылдайды.

Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды,нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы   білім бөлімі «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланған   соңғы күннен бастап  7 жұмыс күні ішінде мына мекен -жайға  тапсыру қажет 

    Интернационал ауылы Талапты көшесі № 1 Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы  білім бөлімі «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Анықтама байланыс телефон номері : 8(72632)4-36-14, 8775166431

Электронды пошта :  Mektep.7inter @ yandeх.kz



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: