Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімі
« Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орынға конкурс жариялайды.
Мекеменің мекен жайы: Интернационал ауылы Талапты көшесі №1
Анықтама байланыс телефон номері : 8(72632)4-36-14, 87751664313
Электронды пошта : Mektep.7inter @ yandeх.kz
Конкурстық құжаттар Интернационал ауылы, Талапты №1 мекен жайында орналасқан «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қабылдау бөлімінде қабылданады.
Бос орын атауы : Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – 1 бірлік,тұрақты.
Еңбек ақы төлеу мөлшері: 140000-160000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты).
2.Негізгі функционалдық міндеттері:
Лауазымдық міндеттері:
оқушыларды бейіндік оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді;
бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларымен бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектеп түлегінің қорытынды білім беру рейтингін қалыптастырады;
бейіндік оқыту бойынша білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және жоспарлауды, әртүрлі деңгейлік бағдарламаларды енгізуді, кәсіптік бағдарлау диагностикасын ұйымдастырады және талдайды, оқушылар мен түлектердің кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады;
педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіреді: оң педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруда инновациялық технологияларды ұйымдастыру және апробациялау бойынша, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен кездесуді ұйымдастырады;
әр түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау, "мектеп-ЖОО", "мектеп-колледж-ЖОО", "колледж-ЖОО" үздіксіз білім беру жүйесінде толассыз оқу жоспарлары бойынша оқыту мүмкіндігін, ғылымды зерделеуге деген кәсіби бейімділігін ашуды, одан әрі білім беруді бейіндеу мақсатында оларды тереңдетіп оқыту үшін әр түрлі цикл пәндерін дербес таңдауды қамтамасыз етеді;
жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді;
белгіленген тәртіппен есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
педагогикалық этиканың нормалары;
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
3.Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 03.09.-12.09 аралығында. Сағат 9:00 -18:00 үзіліс 13:00-14:00
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығының» 113-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
6.Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезидентациясы кемінде 15 минут,ең төменгі ажыратымдылығы -720х480
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне,жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру,ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру,ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар,біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді
Біліктілік талаптарына сәйкестікке кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 12-13 қосымшаға сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырады
Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балдары негізінде қабылдайды.
Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды,нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.
Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімі «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекен -жайға тапсыру қажет
Интернационал ауылы Талапты көшесі № 1 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімі «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама байланыс телефон номері : 8(72632)4-36-14, 8775166431
Электронды пошта : Mektep.7inter @ yandeх.kz