Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
февраль
2025

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы   білім бөлімі
« Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   бос   орынға  конкурс жариялайды.
Мекеменің мекен жайы: Интернационал   ауылы  Талапты көшесі №1
Анықтама байланыс телефон номері : 8(72632)4-36-14, 87751664313
Электронды пошта :  Mektep.7inter @ yandeх.kz

Бос орын атауы : Педагог  кәсіптік бағдар беруші   – 0,5 мөлш.уақытша
Конкурстық құжаттар  Интернационал ауылы,  Талапты №1  мекен жайында орналасқан  «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  қабылдау бөлімінде  қабылданады.
1.Негізгі функционалдық міндеттері:  
Білуге міндетті:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.  
2. Лауазымдық міндеттері:  
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
     оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
     білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
     қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
     ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
     кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
     кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
     белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
     балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
     еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
90. Біліктілікке қойылатын талаптар:
     жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
     және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
     және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
      91. Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
     1) "педагог":
     сәйкес келуі тиіс жалпы талаптарға қойылатын педагог-профориентатору, сондай-ақ:
     мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
     оқушылардың өзін-өзі кәсіби анықтау әдістемелерін әзірлеуді және байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
     кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелері бойынша оқушылардың қызығушылықтарына зерттеу жүргізеді;
     өңірлік еңбек нарығындағы қажеттіліктер туралы әдістемелік және анықтамалық материалдарды жинауды, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
     2) "педагог – модератор":
     "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
     оқушыларға еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мамандық таңдауға көмек көрсетеді, әр оқушының жеке бағытын жасауды үйлестіреді;
     ұйымдастырушы-педагогтермен-сынып жетекшілерімен, педагог-психологтармен және медицина қызметкерлерімен бірлесіп Оқушылардың психофизиологиялық дамуына, жеке қызығушылықтары мен уәждемелеріне талдау жүргізеді;
     оқушылардың жеке ерекшеліктері мен оқу жетістіктерін диагностикалау негізінде оқушылармен, олардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен консультациялық жұмыс жүргізеді;
     кәсіптік бағдар беру мәселелерінде әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
     3) "педагог – сарапшы":
     біліктілікке сәйкес келуі тиіс: "педагог-модератор", сондай-ақ:
     оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау және мансапты жоспарлау мәселелерінде бағдарламаларды, ережелерді, жоспарларды, меморандумдарды, әлеуметтік практикаларды, жобаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
      жеке сандық білім беру ресурстарын жасайды;
өңірлік еңбек нарығындағы қажеттіліктер туралы әдістемелік және анықтамалық материалдарды жинауды, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
кәсіби кеңес беру мен кәсіптік бағдарлау жұмысының заманауи отандық, шетелдік тәжірибесін жинақтайды, жүйелейді және практикаға енгізеді;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне, сондай-ақ:
азаматтық сана-сезімі мен патриотизмі бар оқушы тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылардың жеке қабілеттері мен академиялық адалдығын дамытуға ықпал етеді;
оқушылардың жеке қабілеттерін диагностикалаудың заманауи әдістерін қолданады, оқушылармен жұмыста нәтижелілікті қамтамасыз етеді;
оқушының қызығушылығы мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, мұғаліммен бірге негізгі және жоғары мектептерде оқу үшін бейінді пәндерді таңдауға жәрдемдеседі;
бойынша іс-шаралар, семинарлар, мастер-кластар өткізеді.
кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдар беру жұмысы;
5) "шебер-педагог":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне, сондай-ақ:
авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) болу;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың   04.02.-13.02  аралығында. Сағат 9:00 -18:00 үзіліс 13:00-14:00
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 154 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) жүргізіледі.
    1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
   4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
   5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
   6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік алған жағдайда).
   10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. 
   11.Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезидентациясы кемінде 15 минут,ең төменгі ажыратымдылығы -720х480
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне,жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты   (біліктілігін арттыру,ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру,ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар,біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Көрсетілген  міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді
Біліктілік талаптарына сәйкестікке кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырады
Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балдары негізінде қабылдайды.
Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды,нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.
Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы   білім бөлімі «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми саиттарында және әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланған   соңғы күннен бастап  7 жұмыс күні ішінде мына мекен -жайға  тапсыру қажет 
   Интернационал ауылы Талапты көшесі № 1 Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы  Меркі ауданы  білім бөлімі «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама байланыс телефон номері : 8(72632)4-36-14, 8775166431
Электронды пошта :  Mektep.7inter @ yandeх.kz

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: