28
декабрь
2022
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7жалпы орта білім беретін мектеп директорының Жаңа жылдық құттықтауы

Құрметті әріптестер!
Сіздерді, Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыстар мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, жанұяларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке әкелсін!
Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болсын. Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеймін!
Ізгі ниетпен мектеп директоры Сейтказиев Рахат Зауытұлы