06
декабрь
2022
«Ғажайып ғылымдар патшалығы» тақырыбындағы апталықтың ашылуы
Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз — оқушылар жаратылыстану пәндерін тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.
Осы мақсатта мектебімізде желтоқсан айының 6-нан бастап жаратылыстану ~математика бірлестігінің онкүндігі басталды. «Ғажайып ғылымдар патшалығы» тақырыбындағы апталықтың ашылуы барысында физика пәнінің мұғалімі Қадірсізова Г және биология пәнінің мұғалімі Инкарбекова Г. Т оқушыларды апталыққа белсенді қатысуға шақырып, сәттілік тіледі. 5-сынып білім алушылары жаратылыстану ғылымдарының ханшалары болып киініп, өлең- жырларын арнады. Сонымен қатар, 5-сынып қыздары әсем би биледі. Соңында химия пәнінің мұғалімі Қораласбаева Д мен 9-сынып оқушысы Оралбай Е химиялық реакция жасап, оқушыларға қыр-сырымен бөлісті.
Алдағы күндерде әр пән мұғалімдері ашық сабақтарын және сыныптан тыс сағаттарын өтетін болады.