28
ноябрь
2022
Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Жұлдыздар жүздесуі" кездесу-бенефисі болып өтті.
Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Жұлдыздар жүздесуі" кездесу-бенефисі болып өтті. Кездесуде облыс, республика деңгейінде жеңімпаз атанған оқушылар мен жетекшілері марапатталды.
Мектебімізден "Абай оқулары" байқауының жеңімпазы Мамытбек Альбина мен "Ақберен" шығармашыл жастар байқауының жеңімпазы Хайтбай Рамазан қатысты. Альбина Абайға арнауын оқыса, Рамазан М. Шахановтың"Арман" поэмасымен кездесуді ашып берді. Осындай дарынды оқушыларды шығармашылыққа баулыған ұстазы Баяқова Қуаныш Темірбекқызы алғыс хатпен марапатталды.