Сауалнама
Сауалнама
Әлеуметтік педагогтың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылармен жүргізілген сауалнаманың қорытындысы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы 19.10.2021 жылы 5-8 сынып оқушыларымен сауалнама жүргізді. Сауалнамада 5 сұрақ болды. Барлық оқушыдан сауалнама алынды.
Қорытынды нәтижесінде:
1 – сұрақ бойынша мектепте берілетін тамақ дәмді деп 100% жауап берді.
2 – сұрақ бойынша мектептегі тамақ тойымды деп 100% жауап берді.
3– сұрақ бойынша мектептегі тамақ күніне қайталанбайды деп 100% жауап берді.
4 – сұрақ бойынша мектепте жеміс – жидек беріледі деп 100% жауап берді.
5 – сұрақ бойынша мектептегі ішкен тамаққа ақша төлемейміз деп 100% жауап берді.
Мектеп асханасы оқушыларды уақытылы сапалы тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Оқушылардың асханаға деген, аспазшыларға деген ешқандай қарсы пікірлері жоқ.
«Тағамға балалардың көзқарасы» сауалнама қорытындысы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектептегі 2021 жылдың қазан айының
25 жұлдызында тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан
«Тағамға балалардың көзқарасы» сауалнама қорытындысы.
Сауалнама мақсаты : асхана ас мәзірінің тағамдары оқушыларға қаншалықты ұнайтынын білу.
Сауалнама 25 қазан күні 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 сынып оқушыларынан алынды.
Сауалнама 5 сұрақтан тұрады.
1.Біздің мектептің асханасында тамақтың дайындалуы саған ұнай ма? Деген сұраққа барлық бала –ия деп жауап берген -100 пайыз
а) Ия 100 пайыз
б) Жоқ
2.Сен қаншалықты жиі мектеп асханасында тамақтанасың ? деген сұраққа
а)Күнделікті -20 81,8 пайыз
б) кейде-2 18,2 пайыз
в)асханаға бармаймын қымбат -0
3.Қандай тағамның түрлері саған ұнайды?
а) Борщ- 10 45пайыз
б)Плов - 10 45пайыз
в)Басқа түрлері -2 10 пайыз
4.Ыстық тағам сені оқу үлгеріміңді жақсартады деп ойлайсың ба?
-Иә -100 пайыз
5.Дұрыс тамақтанбаудың қандай ауруларға апаратындығын білесің бе?
Ия – 19 86,4
Жоқ- 3 13,6
Сауалнама нәтижесі бойынша мектеп оқушыларына асхана ас мәзірі көңілдерінен шығатыны анықталды.
Әлеуметтік педагог: Ошақбаева М.Ж.