«Сыйлыққа кітап-В подарок-книга»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасын «Балалар кітапханасы» бағдарламасын
жүзеге асыру бағытында
«Буккроссинг-бірге оқимыз:кітаптың айналыста жүруі-
«Bookcrossing-Книговорот»
атты акцияларының «Сыйлыққа кітап-В подарок-книга» туралы
Анықтама
Өткізілген күні: 14.11.25ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Ақцияның мақсаты: Кітапханадағы кітап қорын әр саладағы әдебиеттермен, балаларға арналған кітаптармен толықтыру, қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу,қайырымдылыққа,жомарттыққа,азаматтық белсенділікке тәрбиелеу.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында мектеп директоры Л.Б.Кокрекбаева, мектеп ұстаздары, 1- 11- сынып оқушыларының қатысуымен «Сыйлыққа кітап - В подарок-книга» атты акция ұйымдастырылды. Кітапханашы оқушыларға акцияның мақсатымен таныстырып өтті.Мектеп директоры Л.Б.Кокрекбаева кітап оқу және оқыған кітапты сыйлау жақсы дәстүр екенін тілге тиек ете отырып, оқырмандарды аталмыш шараға белсене қатысуға шақырды.Мектеп кітапханасында өтіп жатқан Буккроссинг ««Сыйлыққа кітап - В подарок-книга» акциясына 11-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Баякова Қ.) 3 көркем әдебиет,5 сынып оқушылары (сынып жетекшісі Насератдинова Н.) 2 көркем әдебиет; 5 сынып оқушылары (сынып жетекшісі Копурбаева Н) 3 көркем әдебиет мектеп кітапханасына сыйлап,белсенді түрде қатысты. Акция аясында олар кітапхана қорына төмендегі кітаптарды сыйлады:
1. Мұхтар Шаханов – «Ғашықтық ғаламаты» «Өнер» баспасы 2012 жыл
2. Бектұрған Жамбабаев – «Меркінің тарихы және оның тұлғалары» «Балауса» баспасы 2022ж.
3.Мейіркүл Әбжанқызы – «Сағыныш» «Алтын қалам и К» баспасы 2020 ж.
4.Унзила Мыңбай – «Чемпиондыққа жетелеген арман» «S.E.N.Creative Ltd» баспасы 2023ж.
5 Унзила Мыңбай – «Чемпиондыққа жетелеген арман» «S.E.N.Creative Ltd» баспасы 2023ж.
6.Мысық тышқан мен торғайға неге өш? « Аруна» баспасы 2023ж.
7. 5 ертегі кішкентай балаларға арналған
8. 5 любимых сказок для самых маленьких
Қазіргі таңда мектептің кітапхана қоры сыйға тартылған 8 көркем әдеби кітаптармен толықты.
Сыйға тартылған бұл кітаптар мектеп кітапханасының қорын толықтырып, оқушылардың білімін кеңейтуге ықпал етеді.


