Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі басталды » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі басталды
24
сентябрь
2025

Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі басталды

Қыркүйек айының 24-і күні  ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі басталды. Олимпиаданың мақсаты : ауыл оқушыларының таланттары мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау. Бірінші кезеңге ауылдық жерлердегі мектептердің 9-11 сыныптарында оқитын барлық тілек білдірушілер қатысады. Ол ережені сақтай отырып, интернетке қосылған дербес компьютерлермен жабдықталған орындарда онлайн-платформада өтеді: 1 парта-1 қатысушы-1 компьютер.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылардың жалпы санының 35 пайызы екінші кезеңге қатысуға жіберіледі. Таңдалған оқушылардың тізімі ұйымдастыру комитетінің ресми ресурсында жарияланады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: