«Ұлы дала тарихы – мәңгілік Қазақстан» тақырыбында тарих пәндері апталығының өткізілуі » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлы дала тарихы – мәңгілік Қазақстан» тақырыбында тарих пәндері апталығының өткізілуі
13
декабрь
2024

«Ұлы дала тарихы – мәңгілік Қазақстан» тақырыбында тарих пәндері апталығының өткізілуі

Аманжол Тұрғымбаев  атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп


02.12-13.12.2024 жылы   аралығында

«Ұлы дала тарихы – мәңгілік Қазақстан»  тақырыбында    тарих  пәндері  апталығының   өткізілуі  туралы  есебі.


Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектепте 2024 жылдың  желтоқсан  айының 02-13 аралығында «Ұлы дала тарихы – мәңгілік Қазақстан»   тақырыбында    тарих  пәндері  апталығы   өткізілді.   Апталықта  өткізілетін   іс-шаралар  алдын  ала  жоспарланып, жұмыс  кестесіне  сай   ұйымдастырылды. Апталықтың   жоспары  әдістемелік  бірлестік   отырысында  қарастырылып, талқыланып,  мектеп  әкімшілігіне   ұсынылып, бекітілді.

Мақсаты: Білім алушыларға еліміздің тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабақтарының маңыздылығын ұғындыра білу, білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Апталықтың жоспары

Мұғалімнің аты жөні

Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Мерзімі


1

Конкабаев Н.Ә.

«1836-1838 жылғы Бөкей Ордасындағы көтеріліс»


7 «А»

05.12.2024

сабақ

2

Батырханова А.Г.

«Қырғыз Қазақ АКСР-нің құрылуы»


«А»

06.12.2024

сабақ

3

Канибетова А.М.

«Национально-освободительное движение под руководством Кенесары Касымұлы»

7 «Б»

12.12.2024ж

3 - сабақ


Сыныптан тыс іс -шаралар

Мұғалімнің аты – жөні


Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Мерзімі


1

Конкабаев Н.Ә.

«Жас тарихшы»

сыныптар

12.12.2024


2

Батырханова А.Г.

«Тарих әлеміне саяхат»

сыныптар

13.12.2024


3

Канибетова А.М

«Тарихи таным»


сыныптар

11.12.2024


Канибетова Айгүл Мыңбаевна  5 – сыныптар арасында «Тарихи таным» атты сыныптан іс – шара өтті. 

Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабақтарының маңыздылығын ұғындыра білу, білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Интеллектуалды ойын 3 кезеңге бөлініп, 5-сынып оқушыларының «Сақтар» бөлімін толық меңгергендігі айқын көрінді. Топқа бөлінген білім алушылардың әр кезеңге дайындығы бойынша тиісті ұпайларын жинады. Белсене қатысып, жоғары ұпай жинаған топтар жүлделі орындарға ие болды. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушы тарапынан сыйлықтар таратылды. 

«Национально-освободительное движение под руководством Кенесары Касымұлы» тақырыбында 7 «Б» сыныбында Канибетова Айгул Мынбаевна ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Кенесары Қасымұлы көтерілісінің себептерін анықтау. Мұғалім мен оқушы арасында диологтық қарым – қатынас, картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, жеке және жұптық топтық жұмыстар жүргізілді.

Батырханова Айсулу Галиевна 7 сыныптар арасында «Тарих әлеміне саяхат» сыныптан тыс іс –шара өтті. 

Мақсаты:Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабақтарының маңыздылығын ұғындыра білу, білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Батырханова Айсұлу Галиевна  06-желтоқсан күні 8 «А» сыныппен «Қырғыз Қазақ АКСР-ның құрылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: «Қырғыз Қазақ АКСР-ның құрылуының мақсатын түсіндіру.

 Сыныпты үш топқа бөліп топтық жұптық тапсырмалар берді.Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетті.Оқушылар оқулықты пайдаланып топтық жұмыспен постер қорғады. Сәйкестендіру, кесте толтыру, тарихи диктант жұмыстарын жасады.



Конкабаев Нуржау Әбдімомынұлы «1836-1838жылғы Бөкей Ордасындағы көтеріліс» 05-желтоқсан  күні 7 сыныппен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Бөкей Ордасындағы көтеріліс мақсаты  және саяси картадағы өзгерістер туралы түсінік беру.

         Ашық сабаққа пән мұғалімдері тәжірибе аламасу мақсатында қатысып кері байланыс орнатты.Сынып үш топқа бөлініп ,топтық ,жұптық ,жеке жұмыстар жасады. «Автор орындығы»   «Балық қаңқасы» «Венн» диаграммасы «Кезбе тілші» әдістерін қолданды. Сабақты бағалауда оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бір-бірін бағалады. Сабақты бекітуде оқушылар өз ойларын стикерге жазып тақтаға ілді, сабақта не үйренгені туралы ойларын ортаға салды.

Апталық   қорытындысында   іс-шараларға  белсене   қатысқан  оқушылар  марапатталды. Қорыта айтқанда, апталықтың бекітілген жұмыс жоспарындағы барлық іс-шаралар мен сабақтар мазмұнды, мағыналы әрі сапалы өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: