29
апрель
2025
«Ынтымағы жарасқан,туған өлкем Қазақстан» тақырыбында 1-мамыр бірлік күніне арналған фестиваль
Ағымдағы жылы сәуір айының 29-ы күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде мектеп тәлімгері А.К.Калбаеваның ұйымдастыруымен «Ынтымағы жарасқан,туған өлкем Қазақстан» тақырыбында 1-мамыр бірлік күніне арналған фестиваль ұйымдастырылды.Іс-шараға бастауыш білім алушылары әр ұлт өкілдерін таныстырып, өнерлерін көрсетті.Сонымен қатар ұлттық тағамдарын таныстырып өтті.Іс-шараның мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
