06
ноябрь
2024
«Бизнес неден басталады?» тақырыбында сабақ
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 10-11 сынып оқушылары арасында бейіндік бағыт бойынша «Бизнес неден басталады?» тақырыбында сабақ өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға бизнес неден басталады?, бизнесті құру тәсілдері туралы жан жақты ақпараттар берілді. Білім алушыларға ойын түрінде тапсырма беріліп,бизнестің ірге тасының мықты болуын тәжірибе жасау арқылы анықтады.