Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жоспарына сай қазақ тілі пәнінен "Ақыл-ой спорты" және өздік, өзгелік етіс тақырыбында ашық сабақ өтті » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жоспарына сай қазақ тілі пәнінен "Ақыл-ой спорты" және өздік, өзгелік етіс тақырыбында ашық сабақ өтті
12
февраль
2025

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жоспарына сай қазақ тілі пәнінен "Ақыл-ой спорты" және өздік, өзгелік етіс тақырыбында ашық сабақ өтті

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде  қазақ тілі мен әдебиетінен  болған пән апталығында   12.02.2025ж күні  6-сыныпта  қазақ тілі пәнінен  "Ақыл-ой спорты" және өздік, өзгелік етіс  тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа мектеп директоры: Кокрекбаева Л.Б,  Бірлестік жетекшісі: БаяқоваҚ.Т. Баймбетова Л, т.б. мұғалімдер қатысты.  Әрбір тапсырма оқу мақсатына бағытталған. Ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойларына дарыту мақсатында әр түрлі тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер қолдана отырып, сабақ мақсатына жетті. Білім стандартына сәйкес құрылған оқу мақсатына бағытталған тапсырмаларды таныстырар болсам... ең алдымен оқушылар  "Сиқырлы қалта" әдісі арқылы  "Дойбы", "Тоғызқұмалақ", "Шахмат"  болып, 3 топқа  біріктірілді. Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында "Сандар сөйлейді" әдісі арқылы үй тапсырмасын  сұрадым.  "Кластер" әдісімен Жеңіс баспалдақтары деген тақырыпта Кластер  құрап, бірінің жетістігі туралы әңгімеледі.   "Ой шақыру" әдісі арқылы Әрқашан күн сөнбесін жаттығу ын орындады. Оқушылар бұлттың астында жасырылған жұмбақтың шешуін тауып, жаңа сабақтың тақырыбын айтты.  Сабақ тақырыбы мен мақсатын, түрін таныстырдым. Кіріктірілген сабақ болғандықтан, қонағымыз  бооып, дене шындықты ру пәнінің  мұғалімі  Сатымбаев Ынтымақ ағай қатысты.   "Қолқа салу"  дегеніміз не екенін оқушыларға түсіндіріп,  топ аттары туралы не білетінін сұрадым. Содан соң  Қонақтан қонақкәде сұрау үшін қонағымызды ортаға шақырып,  әр топ "Дойбы",  "Тоғызқұмалақ", "Шахмат" туралы сұрақ қойып,  жауабын алды. Оқушылар  "қонақкәде" дегеніміз не екенін түсінді.  "Ақпаратты сүзу" әдісі арқылы бейнематериал көрсетілді.  Бейнематериал көрсету арқылы Тыңдалым дағдысы орындалды.  "Тапқыр болсаң, тауып көр" әдісін пайдаланып, оқулықтағы  сөз жұмбақты шешті.  Етіс туралы әр топқа материал беріп,  ДЖИКСО әдісін қолданып, бірі-біріне түсіндірді.  Әр топқа  етістің түрлеріне бірнеше сөздер беріп, ойын тақтасы на  жинатып, топтық жарыс ұйымдастырдым.  Қай топ  қанша сөз  жинаса  сонша ұпайға ие болды.  Өз-өздерін "Білім класс" әдісімен бағалап отырды.  2-тапсырмада сурет пен сөздерді сәйкестендіріп,  не байқағанын түсіндірді және  1 сөзге лексикалық, фонологиялық, фонетикалық  сатылай кешенді  талдау жасады.  Сабақ соңында үй тапсырмасын  түсініп,   "Білім класс" әдісімен кері байланыс  жасады.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: