«Шын жүректен кітап сыйла!» челлендж
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында
«Шын жүректен кітап сыйла!» челлендж
Анықтама
Өткізілген күні: 14.02.25 ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 9 сынып оқушылары
Мақсаты: балалар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау,оқу белсенділігін арттыру және оқушылардың оқу құзіреттілігін дамыту.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 2025 жылдың 14 ақпан күні «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі өтті. Челленджде 9- сынып білім алушылары Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» шығармасымен танысып, шығарма желісінен өздеріне әсер еткен тұстарын талқылады. Бір- бірімен әңгіме жүргізіп, түсініктерін жеткізді. Сонымен қатар, челлендж мақсаты бойынша аталмыш шығарманы сыныптастары мен кітапхана оқырмандарына оқуға ұсынды. Және челленджді 10- сынып оқушыларына жолдады.