«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Бір уақытта кітап оқу»
Мұхтар Әуезов «Көксерек»
Анықтама
Өткізілген күні: 17.02.25 ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 7 сынып оқушылары
Мақсаты: Мейірімділік,жауапкершілік және қамқорлық қасиеттерін дәріптеу.Табиғатқа зиян келтірмеу туралы ой салу.Табиғат заңдылығын құрметтеу қажеттігін түсіндіру.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 2025 жылдың 17 ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір уақытта кітап оқу» бойынша Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқыды. Шараға мектебіміздің 7- сынып оқушылары қатысты. Білім алушылар жазушының шығармасын бір уақытта оқып, шығарма желісі бойынша 3 минуттық эссе жазды. Оқушылар табиғат пен адам арасындағы байланысты жіті түсініп, түсініктерін эссеге түсірді. Сонымен қатар, табиғат заңдылығын қатаң сақтау және қоршаған ортаға мейірімді көзқараспен қарау маңызды екендігіне тоқталып өтті. Кітапханашы іс-шараға қатысқан оқушыларға алғыс айтып, табиғат пен адам арасындағы үлкен байланысты үзбеу керегін, табиғатты аялап, қамқорлық таныту керектігін айтып кетті.
