Тазалық – ағза саулығының кепілі » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тазалық – ағза саулығының кепілі
14
октябрь
2024

Тазалық – ағза саулығының кепілі

Дөңгелек үстел тақырыбы:Тазалық – ағза саулығының кепілі 

 Сыныбы: 10 «а», 11 «а»

Мерзімі: 14.10.2024

Дөңгелек үстел   мақсаты: Тазалық туралы әңгіме жүргізу, ақыл-ойларын, сөйлеу дағдыларын дамыту,

оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту,Дұрыс сөйлем құру, сауатты жазу мәдениетін дамыту.

Денсаулықтарын, тазалықты сақтауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тапсырмалар орындау.

Көрнекілігі : суреттер

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып, дөңгелек үстел  тақырыбын ашу

II. Негізгі бөлім

- Денсаулық туралы кіріспе сөз.

- Сөздікпен жұмыс.

- Сұхбат құрастыру

- Сәйкестендіру

- Тест

III. Қорытынды

Рефлексия

Дөңгелек үстел барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын тақтадағы суреттер арқылы анықтау.
 ІІ. Негізгі бөлім

Тазалық-денсаулық кепілі

       Машықкер сөзі:Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Ол үшін дұрыс тамақтану керек.Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып,  тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. Күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін ұмытпау керек. Ережелер: ас ішер алдында қолыңды жуу, тамақтың әзірленуінде тазалықты міндетті түрде сақтау, көкөніс, жеміс-жидектерді қанша қызықтырса да, жуып қана жеу, көпшілік орындарынан қайтып келгенде, міндетті түрде беті-қолды жуу, жатар алдында жеке гигиеналық талаптарды орындау. Өз денсаулығын ойлаған адам осы ережелерді қадағаласа жөн болады.

Сұхбат құрастыр.

- Сіз зиянды нәрселер мен пайдалы нәрселерді ажырата білесіз бе?

- Иә, мен оларды ажырата білемін.

- Зиянды нәрселерге не жатады?

- Зиянды нәрселерге ...,....,..... жатады.

- Пайдалы нәрселерге не жатады?

- Пайдалы нәрселерге ....,....,..... жатады.

- Сіз балаңызға, (қызыңызға) қандай нәрселерді үйретесіз?

- Мен балама, (қызыма) пайдалы нәрселерді үйретемін.

Сәкестендір

     түнгі                                          пайдалы

ұйықтау                                     ұйқы

жақсы                                        денсаулық

уақытымен                                зиян

ұйқының                                    серуендеу  

ІІІ. Қорытынды бөлім

Денсаулық -зор байлық .Денсаулықты сақтап,аурудың алдын алу үшін дене жаттығулары немесе қимыл қозғалыстан артық ештеңе жоқ.Адам үнемі дене еңбегімен, спортпен шұғылданса , мүшелерге әсер етіп, төзімділігі артып, ауруларға қарсы тұра алады. Мұндай адамның бұлшық еті нағыз шыныққан, сүйегі мықты, көңілі жарқын, денесі мығым, жүріс-тұрысы әдемі қалыптасады.Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану керек.Денсаулыққа пайдалы тағамдар ішу керек.

Кері байланыс

Дөңгелек үстел соныңда оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан түйген ойларын жазып тақтада ілініп тұрған суретке апарып жапсырады.

Анықтама

Тазалық – ағза саулығының кепілі

(дөңгелек үстел)

А. Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 «А», 11 «А» сынып оқушыларымен бірге « Тазалық- ағза саулығының кепілі» тақырыбында қазан айының 14- і күні   дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстел   мақсаты: Тазалық туралы әңгіме жүргізу, ақыл-ойларын, сөйлеу дағдыларын дамыту,

оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту,Дұрыс сөйлем құру, сауатты жазу мәдениетін дамыту.

Денсаулықтарын, тазалықты сақтауға тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел барысында оқушыларға « Тазалық сақта!» тақырыбында     бейнеролик көрсетіліп,              оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылды. Білім алушылар сұрақтарға жауап беріп, Тазалық – ағза саулығы кепілі тақырыбында оқушылар өз  ойларын айтты. Жеке тазалық және жалпы тазалықты қатаң сақтау керек екендігін ұғынды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: