«Жол еережесінің қауіпсіздігі» атты тақырыпта іс-шаралар
Мектепте 2024 жылдың 2-13 қыркүйек аралығында «Жол еережесінің қауіпсіздігі» атты тақырыпта іс-шаралар жоспары жасалынып, жауапты мұғалімдерге жүктелді.
2 қыркүйек күні «Жол ережесінің қауіпсіздігі» тақырыбында он күндіктің ашылуы болды. Мектебіміздің ДТІЖО Канибетова Айгүл Мыңбайқызы мен АӘжТД пәнінің мұғалім ұйымдастырушысы Шалданбаев Нұржан білім алушларға түсіндіру жұмысын жүргізіп, атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
3-13 қыркүйек күндері мектебіміздің АӘжТД пәнінің мұғалімі Шалданбаев Нұржан «Мектепке барар қауіпсіз жол» тақырыбында үгіт насихат және жаяу жүргіншілерге арналған жолақтарды жаңартып, бұрыш әзірледі.
2-12 қыркүйек күні 1-4 сыныптар «Жол ережесін сақтайық», «Жол ережесінің қауіпсіздігі» және 5-11 сыныптарға «Сақ бол жолаушы» тақырыбында сынып жетекшілер сыныптарымен сынып сағатын өткізді.
5-12 қыркүйек күні АӘжТД пәнінің мұғалімі Шалданбаев Нұржанның ұйымдастыруымен Меркі АПБЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Шолпанбаев Қуаныш мырзамен кездесу өткізілді. Қуаныш мырза білім алушыларға жол ережесін таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
6-13 қыркүйек күндері АӘжТД пәнінің мұғалім ұйымдастырушысы Шалданбаев Н.Б. «Жас қозғалыс инспекторлары» жасақтарымен бірлесе 1-7 сынып білім алушыларына жол ережесінің арнайы белгілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Он күндік барысында атқарлған іс-шараларға мектебіміздің 1-11 сыныптардың 428 білім алушылары толық қамтылды. Жоспарланған іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді. Мектебіміздің ата-аналарына және білім алушыларына үнемі жадынамалар таратылып тұрады.