«Каникулда кітап оқиық»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Мамыр-Ынтымақ айы»
«Каникулда кітап оқиық»
Буккроссинг
Өткізілген күні:17.05.2024ж.
Өткізілген орны: Мектеп АКТ залы
Қатысқандар:5-11 сынып оқушылары,сынып жетекшілер
А. Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББ мектебінде 2024 жылы 17 мамыр айында жазғы каникул қарсаңында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі кітап құмарларды тарту мақсатында «Мамыр-Ынтымақ айы» «Каникулда кітап оқиық» буккроссинг оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясы өтті.Атаулы іс- шараның өтуіне мектеп оқушылары, ұстаздар мен ата- аналар белсенділік танытты. Соның нәтижесінде 5 «А» сынып оқушылары мектеп кітапханасына 4 көркем әдебиет,6 «В» сынып оқушысы Айдынғали Бексұлтан 2 көркем әдебиетті сыйға тартып, мектеп ұстаздары 3 оқыған көркем әдебиет кітаптарын тарту етті. Қазіргі таңда мектептің кітапхана қорына 9 көркем әдеби кітаптар сыйға тартылды. Кез-келген оқырман оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.
![](/uploads/posts/2024-05/1715942071_1715938447775.png)
![](/uploads/posts/2024-05/1715942074_1715938464369.png)
![](/uploads/posts/2024-05/1715942089_1715938456131.png)